zmp3.net

Жаз Мәлік Жамбылұлы

Скачать

Жаз, сағынғаныңды жаз, сабырың сарқып,

Біз күткен шақты жаз маған.

Алау еріннің жалыны шарпып,

Үздіккен шақты жаз маған.

Егілсең егіл, теңселе барып,

Еңлігің менмін құлаған.

Жылаған да жөн, болса егер анық,

Жасыңды сүртер бір адам.

Жаз, жалт етіп тағы жоқ болғанымды,

Бейуақ көрген түсіңдей.

Кетпеші деуге оқталғаныңды,

Түсініп тұрып, түсінбей.

Егілсең егіл, теңселе барып,

Еңлігің менмін құлаған.

Жылаған да жөн, болса егер анық,

Жасыңды сүртер бір адам.