zmp3.net

Ozgerte alsam Mona Songz

Скачать

Қажеті жоқ

Біреуден күтіп жүру баға

Қателігіңді тап

Өзіңнен тек өзің ғана

Табасың алтынды

Жүрекке жақынды

Тыңдасаң жақсылап мүмкін ұғарсың жаныңды

Уақытым жоқ деме

Тастама бастағаныңды

Достарым көп деме

Ұмытпас жасағаныңды

Арманның алдағы

Ашылсын десең жолдары

Ұмытпа Алланы

Келеді өзі қалғаны

Шумаққа толтырдым бүгін жан сырымды,

Сұраққа толы жүрек толды мұңға,

Өзгерте алсам мен әр күнімді,

Өзгеше болар тағдырым да.

Шумаққа толтырдым бүгін жан сырымды,

Сұраққа толы жүрек толды мұңға,

Өзгерте алсам мен әр күнімді,

Өзгеше болар тағдырым да.

Мүмкіндіктің біліп қолда барын

Жетістікті шын қаласа жаның

Жолда қалмас ойлағаның

Тек ешкімге оның айтып қойма бәрін

Сақталсын жүрегіңде

Мекендесін ойда

Орындауға дайында

Шумаққа толтырдым бүгін жан сырымды,

Сұраққа толы жүрек толды мұңға,

Өзгерте алсам мен әр күнімді,

Өзгеше болар тағдырым да.

Шумаққа толтырдым бүгін жан сырымды,

Сұраққа толы жүрек толды мұңға,

Өзгерте алсам мен әр күнімді,

Өзгеше болар тағдырым да.

(Шумаққа толтырдым)