zmp3.net

Шер RaiM

Скачать

Енді қытайдың лапшасын емес қазір досым

Тоярлықтай тамақтанамыз тиын қосып

Қалайтын ісіміз қазір құштарлы жұмысымыз

«Режим» өзімізде, қалаған уақытта боссың

Брат қарашы толған қанша статуэтка

Біздің еңбекті бағалап тарту етті

Соңына дейін кейбірі қалды, кейбірі кетті

Қазір көшеміз жарық болып еді «гетто»

Этно репті түсіндірдік ақыры

Қазір ғана қозғап жатыр сенен қалған тақырып

Өзгермедік, қалдық өз ойымызда

Қызытырып көзімізді тұрсын қанша шақырып

Мама, үйреніп кетесіз ауасына қаланың

Мен үшін парыз сіз үшін сыйлығы балаңның

Әрине сіздерге ұнайды ауасы даланың

Болғанын қалаймын ел қатарлы ата-анамның

Сіздердің бөлмелеріңіз кіргенде сол жақта

Жылынады өзі қағазбен отын жақпай

Тасымайсыз мама суды қойып ошаққа

Өзі ағады жылы су бұрасаңыз оң жаққа

Шабытым саған менен мәңгі үлкен алғыс

Жайғасып отыратын жаныма қалғанда жалғыз

Ұмытшақ Раймға естеліктерді айтып беріп

Әрдайым сол сәттерді есіне салғыз

Студия мен екі араны, шектеу мен шекараны

Құштарлықты қарамаған жолына ауыл мен қаланың

Жусан иісі даланың, 17-жыл шамамен

Алғашқы шығарылым альбом қара баланың

Есіме сал шабытым, 18дің уақытын

Шыққан кезімді махаббат шыңына бақыттың

Қанша жүрекке атса да тесе алмады оқ теріні

Себебі сен шабытым сыйладың оттегіні

Тек қана шүкіршілік нұрына таңның

Мәні бар өмірімде әр қадамның

Әнімен жарық берген менде бір жанмын

Сөнбесін жүрегімде жарығы шамның

Аңсадым жоғарыны, аңсадым биіктерді

Ойлаған арманымды алдыма үйіп берді

Биіктік ол - жақындарың ең әуелі

Есейді Райм, есейді Раймның әуені

Қаншама еңбек, қаншама тер

Кейде аспан, кейде жер

Кейде айға, кейде жұлдызға

Есіме алып бәрін тарқатамын шер